KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, З
487.37 532.94 5.09

Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?

Фото: depositphotos.com

1.10.2024, 20:25 116 Ержан Әбіш

Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

– Мереке қарсаңында әріптестерден «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?» деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді. Ұстаздар күні – расында ерекше күн. Бұл мереке педагогтердің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл – бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.

Ресми өкіл гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру мұғалімдерге білдіретін алғыстың белгісі екенін атап өтті.

– Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңызын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету – ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр, – деп айтты Мереке Амангелдіқызы.

Еске сала кетейік, 5 қазанда Мұғалімдер күні аталып өтіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив