KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Ертең ШҚО-да күн күркіреп, найзағай ойнайды

Фото: depositphotos.com

21.05.2024, 22:52 122 Ержан Әбіш

«Қазгидромет» ШҚ филиалының хабарлауынша ертең, яғни 22 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі.

Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.

– Найзағай ойнағанда үйден шықпаған жөн, есік-терезелерді жауып, электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз. Металл қоршаулардың, басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз. Жел қатты соғып тұрғанда сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз, – деп ескертеді мамандар.

Төтенше жағдай болса, 112 телефонына хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив