KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 3 м/с, В
510.59 578.91 6.37

Шығыс Қазақстанда 500 оқушы кәсіби бағдар беру лагерьлерінде демалады

29.04.2025, 16:30 225 Айна Бакимбаева

Шығыс Қазақстанда оқушыларға арналған кәсіби бағдар беру лагерьлерінің бағдарламасы кеңейіп жатыр – өңірдегі 10 колледж базасында арнайы лагерьлер ашылмақ. Бұл лагерьлерде 500 оқушы түрлі мамандықтарды сынап көруге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауқымды білім беру жобасының жаңа кезеңі оқушыларды ерте кәсіби бағдарлауға бағытталған. Болашақ талапкерлер техникалық, гуманитарлық және қолданбалы мамандықтар әлемімен жақын танысып, теорияны бірден  тәжірибемен ұштастыратын «мамандыққа ену» форматы арқылы білім алады. Яғни, олар жай тыңдаушы болып қана қоймай, түрлі шеберлік сағаттарына қатысып, өз қолдарымен роботтарды жинап үйренеді, бағдарламалауды, мехатрониканы меңгереді, өздерін аспаздық пен ағаш өңдеу істерінде  сынап көреді, шет тілдерін үйренеді.  

-Бұл – өз тиімділігін дәлелдеген табысты тәжірибенің жалғасы. Өңір колледждері төрт жыл бойы жазғы кәсіби бағдар беру лагерьлерін ұйымдастырумен айналысып келеді. Өткен жылы мұндай мүмкіндік 7 колледж базасында 449 оқушыға берілді, – деді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Жоба  оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуге, оларды заманауи технологиялармен және креативті индустриялардың трендтерімен таныстыруға, тәжірибе арқылы техникалық және шығармашылық білімге қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу