Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады?
pixabay.com
Қазақстанда ақылы жолдардан жиналатын қаржының қайда жұмсалатыны белгілі болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2023 жылы ақылы жолдардан 48 млрд теңге табыс түскен. Ал биыл бұл көрсеткіш шамамен 100 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.
Бұдан бөлек, ақылы жолдарда жүргізушілерге тиімді болу үшін айлық және жылдық абонемент қарастырылған. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, аталған жеңілдікті алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.
2025 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде ұзындығы 4100 шақырымды құрайтын 21 ақылы жол учаскесі бар.