KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Былтыр ақылы жолдардан 31,9 млрд теңге түсті

көрнекілік сурет: depositphotos.com

23.07.2024, 20:02 308 Қуаныш Рахметоллаұлы

2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі автомобиль жолдарының 17 ақылы учаскесінен шамамен 31,9 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Бұл қаражат осы ақылы учаскелерді (3221 шақырым жол) күтіп ұстауға, жөндеуге, төлем қабылдайтын бағдарламалық-аппараттық кешендерді жаңартуға жұмсалады.

«Жиналған қаражат бірнеше негізгі бағыттар бойынша бөлінеді, ол жолдарды тиімді пайдалануға әрі оны қажетті жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу