KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3,7 м/с, ОШ
509.51 570.6 6.3

Үлбі өзені бойынан рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды

pixabay.com

30.04.2025, 09:00 178 Төлеуғазы Жансая

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында және әлеуметтік желілердегі мониторинг нәтижелері негізінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Үлбі өзенінің жағалауындағы Үлбі көшесіндегі су қорғау аймағына жедел тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Рейд барысында тұрмыстық қалдықтардың рұқсатсыз төгілгені анықталды. Аталған құқықбұзушылық фактісі бойынша жауапты орган – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына қоқыс үйіндісін шұғыл түрде жою туралы ұсыныс жолданды.

Экология департаменті бұл талаптардың орындалуын ерекше бақылауда ұстап отыр.

Мекеме өкілдері облыс тұрғындарын санитарлық тәртіпті сақтауға және табиғатқа ұқыппен қарауға шақырады. Қоршаған ортаны таза ұстау тек мемлекеттік органдардың емес, барша азаматтардың ортақ міндеті екенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу