ШҚО ауыл шаруашылығы өсім бойынша көш бастап тұр
Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласы белсенді дамып келеді. Бұл туралы аграрлық форумда өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасында металлургиядан кейінгі маңызды сала. Бүгінде Шығыс Қазақстан өсімдік майы, бал, қымыз және шұжық өнімдерін өндіруде республика бойынша алда келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша арпа (23,8 ц/га) мен бидай (23 ц/га) өнімділігінен елімізде бірінші орында тұрмыз. Сондай-ақ рапс бойынша – екінші, майлы дақылдардан – үшінші орындамыз, – деді облыс әкімі.
Нұрымбет Сақтағанов осындай мазмұндағы кездесулерді жылына екі рет – көктемгі егіс науқаны алдында және күзде, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне» орай өткізуді ұсынды.
Фото: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз








