KZ
Өскемен
снегопад жел 7 м/с, Ю
509.94 593.88 6.43

Ахмердегі ашық есік күні: болашақ офицерлер әскери өмірмен танысты

8.05.2025, 15:30 376 Гульжан Мусина

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедрасының студенттері Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде өткен ашық есік күніне қатысты.

Іс-шара барысында болашақ офицерлер Ахмердегі әскери бөлімнің құрылымымен, сарбаздардың күнделікті өмірімен, техникалық жарақтандырылуымен және бөлімнің ішкі тәртібімен танысты.

– Бүгін 41 студентке әскери бөлімнің қызметі мен тыныс-тіршілігін жан-жақты таныстырдық. Жатақхана, техника, оқу-жаттығу процесі – барлығы көрсетілді. Қабыл алған бөлім басшылығына және түсіндіру жұмыстарын жүргізген инструкторлар мен сарбаздарға алғысымыз шексіз, – деді кафедраның аға оқытушысы, подполковник Бектас Сансызбаев.

Кездесу барысында студенттер әскери қызметке қатысты қызықтырған сауалдарын қойып, білікті мамандардан нақты жауап алды. Әскери мансапты жалғастыруды мақсат еткен жастарға аға буын өкілдері бағыт-бағдар беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, әскери бөлім өкілдері сарбаздарға берілетін әлеуметтік жеңілдіктер мен әскери білім мен тәжірибені жетілдіру мүмкіндіктері жөнінде тың ақпараттар ұсынды.

Ашық есік күні жастарға әскери өмірдің қыр-сырымен жақын танысып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға серпін берген тағылымды шараға айналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу