KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, СШ
509.75 594.67 6.46

Күршімдік оқушылар әскери бөлімге экскурсия жасады

6.05.2025, 16:00 375 Жанаргүл Көкенайқызы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Күршім ауданындағы Барақ батыр атындағы негізгі орта мектеп оқушылары аудан орталығындағы әскери бөлімге барды.

«Кәсіби бағдар беру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл экскурсия 8-9 сынып оқушылары үшін ерекше тәжірибе болды. «Ашық есік күні» форматында өткен шара барысында оқушылар №31767 әскери бөліміне барып, әскери өмірмен танысты.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерінің бөлімінде қызмет ететін капитан Дамир Балағожин оқушыларға әскери бөлімнің қызметі, сарбаздардың күнделікті тәртібі, Отан алдындағы борыш пен жауапкершілік туралы кеңінен айтып берді.

Оқушылар әскери жаттығуларды көзбен көріп, сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл кездесуден олар ел қорғаны – әскердің маңызын түсініп, патриоттық рухпен оралды.

Мектеп ұжымы алдағы уақытта да оқушылардың бойында Отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жалғастырмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу