KZ
Өскемен
+17°
ясно Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ертең ШҚО-да найзағай және жоғары өрт қаупі күтіледі

Фото: depositphotos.com

19.05.2025, 19:00 462 Гульжан Мусина

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 20 мамырда облыстың шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 
Сондай-ақ облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Синоптиктер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

- Найзағай кезінде үйде болған жөн. Терезелер мен есіктерді, түтін шығатын тесіктерді жауып, электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратып, пайдаланбаңыз. Металл қоршаулар мен шатырлардың, басқа да электр өткізгіш заттардың жанында тұрмау керек. Жел күшейгенде сымдарға жақындауға болмайды, аялдама артына, ағаш астына тығылмаңыз, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар өрт қаупіне байланысты табиғат аясында және үй жанындағы аумақтарда от жағуға қатаң тыйым салынғаны ескертілді.

- Өрт қауіптілігі жоғары кезде отпен абай болыңыз. Орман алқаптарында немесе үй маңында от жағу қауіпті әрі заңмен шектелген. Қауіпті жағдай туындаған жағдайда бірден «112» нөміріне хабарласыңыз, – деп атап өтті ШҚО ТЖД мамандары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу