ШҚО: төрт айда тері обырының 116 дерегі тіркелді (видео)
Шығыс Қазақстанда биылғы жылдың алғашқы төрт айында тері ісігінің 116 жағдайы тіркелді. Оның 10-ында – меланома. Бұл туралы облыстық онкологиялық орталықта өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тері ісігі, әсіресе 50 жастан асқан, терісі ашық түсті әйелдерде жиі кездеседі. Аурудың алдын алу және ерте кезеңде анықтау жолдары облыстың онколог-дәрігерлерінің негізгі тақырыбына айналды.
Облыстың штаттан тыс бас онкологы Гүлмира Сағидуллина тері ісігінің түрлеріне тоқталды:
Онкологтар тері ісігінің алдын алу үшін күн астында ұзақ жүруден, солярийге барудан бас тартуға кеңес береді. Әсіресе терісі ақшыл, пигменттік дақтары бар адамдар өз терісіне мұқият болу керек.
Қатерсіз түзілімдер (мысалы, фиброма, папиллома) жергілікті емханаларда емделеді. Ал күмән тудырған жағдайларда арнайы зерттеулер — цитология, гистология жүргізіледі.
Консультативті-диагностикалық бөлімшенің басшысы Архат Қамзанов былай дейді:
Сәулелік терапия туралы радиациялық онколог Нұрлыбек Керімханұлы айтып берді. Оның сөзінше, қазіргі таңда ауруды ерте анықтау – басты мақсат.
Онкологтар 24 мамыр күні облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында ашық есік күні өтетінін еске салды. Осы күні кез келген тұрғын кәсіби онкологқа қаралып, тегін кеңес ала алады.
Фото: Екатерина Семина