KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО онкологтары түске дейін жүзден астам адамды қабылдады

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия  орталығы
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия  орталығы
26.05.2024, 16:00 170 Назерке Каримова

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия  орталығында орталықта тері қатерлі ісігін ерте диагностикалауға арналған Ашық есік күні өтті.

Онкологиялық орталықта осындай акциялар облыс тұрғындарына ыңғайлы уақытта, терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан онколог дәрігердің кәсіби кеңесін алуы үшін ай сайын демалыс күндері өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Ашық есік күніне 100-ден астам адам қатысты. Орталық мамандары облыс тұрғындарын тексеріп, дерматоскоппен неоплазмаларды диагностикалады, көрсеткіштер бойынша цитологиялық зерттеу үшін қырынды алды. Дәстүр бойынша онкологиялық орталықтың дәрігерлері облыс тұрғындарымен онкологиялық сақтық және тері қатерлі ісігінің қаупін азайту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу