Жәрмеңке шақырады: сенбілік сауда қызайын деп тұр
Өскемен қаласы мен оған іргелес аудандардың тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
— Әр сенбі сайын өтетін дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз! — деп Өскемен қаласы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады.
Жәрмеңкеде облыс орталығы мен жақын маңдағы аудандардың тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылмақ.
Жәрмеңкеден сүт және ет өнімдерін, шұжық, бал, көкөніс пен жеміс-жидектерді қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
Өтетін орны: Достық үйі алаңы (Н.Назарбаев даңғылы, 68)
Күні: 24 мамыр, сағат 08:00–15:00 аралығы.
Елизавета Седых
Оқи отырыңыз