KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, З
502.27 597.15 6.57

Қазақстанда 43 мыңнан астам өтінім қашықтықтан қаралып, мүгедектік белгіленді

Фото: gov.kz

2.06.2025, 17:00 296 Гульжан Мусина

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) сырттай форматта жүргізу бойынша пилоттық жоба аясында 43,7 мың өтінім қаралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде сырттай куәландыру еліміздің барлық өңірін қамтып, 30 нозологиялық форма бойынша жүргізілуде.

Салыстырмалы түрде алғанда, 2024 жылы осындай форматта 96,9 мыңнан астам өтінім қаралған-ды, бұл - медициналық-әлеуметтік сараптамадан өткен азаматтардың жалпы санының 37,4 пайызы.

Сырттай куәландыру форматына көшу Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Президент ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін барынша ыңғайлы жағдай жасау, мекемелерге сабылуды болдырмау және қағазбастылықты азайту жөнінде тапсырма берген болатын.

Мүгедектікті белгілеу қызметін алу үшін азаматқа тек:

  • тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну;
  • қажетті медициналық тексеруден өту жеткілікті.

Қалған барлық үдерістер азаматтың қатысуынсыз жүргізіледі — бұл денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ цифрлық даму салаларындағы ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқасында мүмкін болып отыр.

Сырттай форматтың артықшылықтары:

  • бюрократиялық және әкімшілік кедергілерді жою;
  • медициналық-әлеуметтік сараптама шешімдерінің ашықтығын арттыру;
  • қызметті үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігі;
  • сараптама комиссиясымен тікелей байланыс болмағандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту.

Дмитрий Чжан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу