Еліміз аман, туымыз биік болсын!
Мемлекеттік рәміздер күніне орай «AMANAT» партиясы ШҚ облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенді жастары «Менің Елім - Менің Туым» атты патриоттық акция өткізді.
Акция аясында шығыстық «Жастар Рухы» мүшелері қаламыздағы биік ғимараттарды қазақтың көк байрағымен безендіріп, ел рухын көтеретін ерекше атмосфера қалыптастырды.
Бүгінгі таңда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әр қазақтың жүрегіндегі мақтанышы, тәуелсіз еліміздің басты құндылықтары. Бұл рәміздер – халқымыздың бірлігі мен болашағына деген сенімінің символы.
Еліміз әрқашан аман, Туымыз биік, бірлігіміз бекем болсын!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!





