ШҚО-да Ақ Берел өзенінің үстінен өтетін көпір жөнделді (видео)

Фото: instagram.com/daniyar_travelblog
Өткен жылы жартылай қираған көпір қайта қалпына келтірілді. Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері, туроператорлар мен жергілікті тұрғындар күш біріктіріп, көпірді жөндеуден өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ақ Берел өзенінің үстінен өтетін ағаш көпір – Мұзтау тауының етегіне апаратын танымал туристік бағыттың маңызды бөлігі. Өткен жылы оның бір бөлігі қирап, туроператорлар көпір толық құлауы мүмкін деп қауіптенген болатын.
– Катонқарағай ауданының тұрғындарымен, туроператорлармен және ұлттық парк қызметкерлерімен бірге күш біріктіріп, Ақ Берел өзенінен өтетін үлкен көпірді жөндеп шықтық, Бірнеше күндік еңбектің, қауіпсіздікке деген қамқорлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің арқасында көпір қайта пайдалануға берілді. Бұл іске уақытын, күш-жігерін, жанын салған әр адамға алғысымыз шексіз. Мұндай жобалар – біріксек, бәрін істей алатынымыздың дәлелі, – деп хабарлады Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері.
Елизавета Седых
Видео: instagram.com/altay_pro.kz
Оқи отырыңыз