KZ
Өскемен
ясно Штиль
500.32 545.3 6

ШҚО: Ақ Берел өзені арқылы өтетін көпір биыл жөнделуі мүмкін

18.03.2025, 20:45 110 Әбішев Ержан

Өткен жылы жартылай қираған бұл көпір – Мұзтаудың етегіне апаратын танымал туристік бағыттың бір бөлігі. Туристер мен туризм саласының өкілдері бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, өткелді қалпына келтіруді сұраған болатын, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде туризм саласы өкілдері мен тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды. Солардың бірі Ақ Берел өзеніндегі көпір жайы болды.

Ағаш көпір Мұзтаудың етегіне баратын ең танымал бағыттардың бірі ретінде маңызды. Алайда ол өткен жылы жартылай қираған. Туроператорлар бұл өткелдің мүлде құлап қалуынан қауіптеніп отыр.

– Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайын. Барлық қажетті техникалық шарттар әзірленді. Осы жылдың ішінде көпірді толықтай қалпына келтіреміз, – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
 


Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу