Өскемен – Риддер бағытындағы жол биыл толық жаңғыртылады – ШҚО

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ
ШҚО-дағы Өскемен – Риддер бағытындағы жол биыл толығымен жөнделіп бітеді. Былтыр 30 шақырымы толық жаңартылған. Енді қалған 75 шақырымнан астамы – тау арасындағы бұралаңы көп ең қиын әрі қауіпті аумақ. Сондықтан бұл бөлікті жөндеуге 5 бригада жұмылдырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Өскемен – Риддер бағытында кен қазып, оны өңдейтін кәсіпорындардың ауыр техникалары да үздіксіз қатынайды. Ал жолдың сапалы салынуы – ең негізгі мәселе. Сол үшін мердігер мекемелер құрылысқа қажетті тас пен топырақты жергілікті жердің өзінен алып төсеп жатыр. Бетонның қалыңдығы да 25 сантимерден кем болмайды.
Жалпы, биыл бұл өңірде республикалық маңыздағы бірнеше бағыттағы жолдың құрылысы аяқталады.