KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскемен-Риддер тас жолы келесі жылы жөнделеді

8.07.2022, 11:01 155

Өскемен-Риддер тас жолына келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ұзынығы 167 шақырым болатын Өскемен-Риддер тас жолының учаскесін ШҚО ПД ең апатты жол деп таныған еді. Сондықтан ол жерде кезекшілік күшейтіліп, жүргізушілірге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар мен буклеттер таратылған.

Ал ШҚО әкімі келесі жылы аталмыш тас жолға күрделі жөндеу жұмыстары жасалатып, облыс орталығынан жол жүру уақыты 1 сағат 15 минутқа дейін қысқаратынын айтты.

-        Риддер бағытындағы қозғалыс өңірдің туристік саласын дамытудың жаңартылған бағдарламасына кіреді. Бұл бағдарлама негізінен жыл сайын Алакөлді дамытуға негізделген болатын. Биыл ол ауысып, үш курорттық аумақ дамитын болады. Атап айтқанда, Катонқарағай, Алтай аудандары мен Риддер қаласына көңіл бөлінеді, - деді аймақ басшысы өз сөзінде. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу