KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
518.97 607.3 6.64

Шекарадағы тексеріс: Қытайға ақша алып өтпек болды

Фото: pixabay.com

18.06.2025, 19:30 132 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында Қытайға бет алған шетелдік азамат шекарадан ірі көлемдегі ақшаны заңсыз алып өтпек болған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Осы жылдың 8 мамырда «Майқапшағай» кеден бекетінде тексеріс жүргізген кезде Қытай азаматының декларацияламаған шетел валютасы анықталған. Оның сөмкесінен:

20 мың АҚШ долларына баламалы ақша,
8 мың еуро,
9 250 ресей рублі
табылған.
Заң бойынша бір адам шекарадан 10 мың АҚШ долларына дейінгі соманы ғана кеденге көрсетпей алып өте алады. Бұл мөлшерден асатын жағдайда міндетті түрде декларация толтырып, көрсетілуі тиіс. Ал бұл азамат көрсетілген сомадан көп қаржыны жасырып өткізбек болған.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, заң бұзушыға 2,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, 19 мың АҚШ долларынан астам сома мемлекет пайдасына тәркіленді.

Ескеріңіз! Бүгінде Президент Жарлығына сәйкес елімізден 10 000 АҚШ долларынан көп қолма-қол ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салынған. Бұл ереже ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтау мақсатында енгізілген.

Сондай-ақ, аффинирленген алтын құймаларын – яғни салмағы 5, 10, 20, 50, 100 грамм және одан асатын құймаларды шекарадан алып шығуға да рұқсат жоқ.

«Шекарадан өтпес бұрын қолдағы ақша сомасын нақтылап, кеден заңын ескерген жөн. Ереже бұзылған жағдайда айыппұл салынып, ақша тәркіленуі мүмкін», – дейді ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу