Алакөл бағытындағы вокзалдар жаңартылып жатыр
Биыл Жалаңашкөл, Ақши және Көктұма станцияларының вокзалдарында ауқымды жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Абай облысы бұрын Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған кезде Алакөл демалыс аймағы ШҚО-ға қарайтын. Бұл курорттық аймақ жергілікті тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие. Облыстар бөлінгеннен кейін де шығысқазақстандықтар Алакөлге демалуға жиі барып тұрады.
Қазіргі таңда Алакөлге бағытталған вокзалдарда заманауи әрі жайлы жағдайлар жасалуда.
Бұдан бөлек, жолаушыларды уақтылы ақпараттандыру үшін барлық вокзалдарда дауыс зорайтқыш жүйесі жұмыс істейді. Жалаңашкөл мен Ақши станцияларында билет кассалары да қызмет көрсетуде.
Елизавета Седых