KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да коммуналдық сала қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген ипотека басталды

Фото: pexels.com

25.06.2025, 13:00 268 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстанда жұмыс істейтін коммуналдық сала мамандары енді арзан ипотека арқылы баспана ала алады. Бұл – облыста басталған «Шығыс жұмыскер» атты жаңа бағдарлама, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мақсат – ауыл-аймақта жылу, су, кәріз, қоқыс шығару сияқты салаларда еңбек етіп жүрген жұмысшыларға қолдау көрсету. Соңғы жылдары бұл салада маман тапшы. Енді әкімдік пен «Отбасы банк» бірігіп, осы мәселені шешуге кірісті.

Ипотеканың шарттары қандай?

  • Берілу сомасы – 20 миллион теңгеге дейін;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Жылдық пайыз – 5%;
  • Төлеу мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарламаға коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарда жұмыс істейтін 39 түрлі мамандық иелері қатыса алады. Мысалы:

  • Қазандық операторы;
  • Слесарь-жөндеуші;
  • Электр немесе су жүйесін орнатушы;
  • Кәріз жүйесінің мамандары және т.б.

Құжаттар қалай қаралады?

Арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында:

  • «Amanat» партиясының өкілдері,
  • Мәслихат депутаттары,
  • Еңбек инспекциясы,
  • Кәсіподақ пен банк мамандары бар.
  • Барлығы ашық әрі әділ қаралады.

Өтініштерді қайда, қашан тапсыру керек?

26 маусымнан 11 шілдеге дейін
Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 2-қабат
8 (7232) 701-235
8 (705) 281-19-00
Жауапты маман – Гүлназ Бауржанова

Сондай-ақ, «Отбасы банк» бөлімшелерінен де кеңес алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу