KZ
Өскемен
-33°
туман жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Өскемен сарбазы республикалық турнирде жеңіске жетті

27.06.2025, 12:30 209 Гульжан Мусина

Петропавл қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, капитан Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында ұйымдастырылған бұл жарыста «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары үздік нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Әсіресе, Өскемендегі 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, кіші сержант Курбанжан Гуламдунов 80 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарын айқын басып озып, бірінші орынды жеңіп алды.

– Сайысқа алпысқа жуық әскери қызметші қатысты. Жеті салмақ дәрежесі бойынша өткен бұл жарысқа алғаш рет қатысып отырмын. Қарсыластарым мықты болды. Дегенмен, жеңіс маған бұйырды. Биылғы жыл мен үшін табысты өтуде. Бұған дейін де ел чемпионатында үшінші орын алған болатынмын. Алда тағы да жауапты жарыстар күтіп тұр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, маған әрдайым қолдау көрсетіп жүрген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына алғысымды білдіремін, – дейді кіші сержант Курбанжан Гуламдунов.

Курбанжан – қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігіне үміткер. Ол қатарынан төрт жыл бойы әскери бөлім намысын әртүрлі сайыстарда лайықты қорғап келеді.

Ұлттық ұлан арасындағы бұл жарыста топ жарған ол алдағы уақытта Ішкі істер министрлігіне қарасты құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар арасындағы республикалық турнирге қатыспақ.

Үш күнге созылған турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар мен чемпиондық белбеулер табысталды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу