KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

ШҚО әкімі жыл соңына дейін бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды

24.07.2025, 11:35 215 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында ағымдағы жылдың бірінші жартысында бюджет қаражатының игерілуі талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаражаттың толық игерілмеу себептері ретінде республикалық бюджеттен трансферттердің уақытылы бөлінбеуі және ай сайынғы қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер атап өтілді.

Еске салайық, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс бюджетіндегі шығыстар бөлігі, республикалық бюджеттен келіп түспеген трансферттерді есепке алмағанда, 99,3 пайызға орындалған.

Алайда бөлінген қаражаттың уақытында игерілмеуіне байланысты кейбір әлеуметтік маңызы бар нысандардағы жұмыстар тоқтап қалған. Олардың қатарында Өскемен қаласындағы Онкология және хирургия орталығы бөлімшесін жаңғырту, Белоусовка ауылында Мәдениет үйін салу, Жанатілеу мен Шорға ауылдарында ауызсу мен кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары бар.

Осыған байланысты облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жыл соңына дейін барлық қаражатты толық игеруді тапсырды. Әсіресе бұл мәселені Өскемен қаласының, Глубокое және Катонқарағай аудандарының әкімдіктері ерекше назарға алуға тиіс екенін ескертті.

Фото: ШҚО әкімдігі баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу