KZ
Өскемен
-5°
туман жел 2 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

ШҚО-да найзағай мен тұман күтіледі: тұрғындарға сақ болу ескертілді

pixabay.com

5.08.2025, 08:00 237 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында 5 тамыз күні найзағай ойнап, тұман түседі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» ШҚ филиалына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, найзағай облыстың солтүстігі мен шығысында болады. Сонымен қатар түнде және таңертең осы аймақтарда тұман түсуі ықтимал. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың шығысында күндіз екпіні 15–20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаменті табиғаттың құбылмалы мінезіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.

– Үйде болып, терезелер мен есіктерді, түтіндіктерді жабу керек;
– Электр құрылғыларын тоқтан ажыратып, пайдаланбаған жөн;
– Металл қоршаулар мен электр өткізгіш заттардан алыс тұрыңыз;
– Қатты жел соққан сәтте тербелмелі заттарға, ағаштар мен аялдамаларға жақындамаңыз.

Қауіп төнген жағдайда немесе ТЖ кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу