Өскеменде мүгедектігі бар азаматтар арбалары мен балдақтарын тегін жөндете алады
stock.adobe.com
Өскемен қаласында I және II топтағы мүгедектігі бар жандар кресло-арбалар, балдақтар және жүріп-тұруға арналған өзге де құралдарын тегін жөндете алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл әлеуметтік қызмет облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында іске асып отыр. Жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалыс мүмкіндіктерін қалпына келтіруге бағытталған.
Қызметті қалай алуға болады?
Жөндеу қызметін алу үшін азаматтардан келесі құжаттар қажет:
- мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
- жеке куәліктің көшірмесі.
Жөндеу жұмыстары арнайы шарт негізінде, тегін жүргізіледі. Жұмыс аяқталған соң, орындалған жұмыс актісіне қол қою жеткілікті.
Қызмет шеңберінде тек арбалар ғана емес, балдақтар мен басқа да жүріп-тұруға арналған құралдар қабылданып, қалпына келтіріледі.
Жөндеу жұмыстарын Өскемен қаласындағы «AVA мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
Байланыс мәліметтері:
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 86
8-705-282-35-90
8-705-258-17-15