KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
512.81 604.19 6.57

ШҚО құтқарушылары жаңа аквакостюмдермен жабдықталды

Фото: ШҚО ТЖД
Фото: ШҚО ТЖД
6.08.2025, 12:00 254 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына судағы жұмысқа арналған жаңа аквакостюмдер берілді. Бұл арнайы киімдер апатты жағдайларда көмек көрсету кезінде құтқарушылардың жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жиынтыққа бас киім, гидро футболка, шорты, суда киетін арнайы аяқ киім, құтқару кеудешесі мен қалтқы құрал кіреді. Жаңа аквакостюмдер қатты ыстықта немесе желді күндері де құтқарушыларға су айдындарында еркін әрі қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, материалдық-техникалық базаны жаңарту – кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етіп, адамдарға уақытылы көмек көрсету үшін өте маңызды.

— Құтқарушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы – біздің басты назарымызда. Жаңа жабдықтар олардың жұмысын жеңілдетіп, тиімділігін арттырады, – дейді ТЖД өкілдері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу