KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

ШҚО кинологтарының автопаркі жаңа автокөлікпен толықты

Фото: ШҚО ТЖД

18.09.2024, 11:27 86 Айжанат Бақытқызы

Енді ШҚО-ның құтқарушы кинологтары іздестіру жұмыстарына «Toyota Hilux» көлігімен шығатын болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл пикаптың өзге көліктерден айырмашылығы конструкциясы өте берік болғандықтан, төтенше жағдайларда әрекет ету кезінде сенімді. 

Аталған сипаттамалардан бөлек автомобильде «төрт аяқты» құтқарушыларға арналған арнайы бөлім бар, ол ауа баптағышпен жабдықталған, бұл қыстың суығында жануарларды төтенше жағдайлар аймағына ыңғайлы тасымалдауға мүмкіндік береді. 

«ШҚО ТЖД құтқарушылары Министрлікке кедергілерді еңсеруге және азаматтарға төтенше жағдайда көмекке мүмкіндігінше жедел жетуге мүмкіндік беретін жол талғамайтын көлік үшін алғыс білдіреді»,-деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив