KZ
Өскемен
-24°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
510.95 594.49 6.5

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама - ШҚО

7.08.2025, 18:00 424 Төлеуғазы Жансая

Абай күні – Алаш баласының рухани құбыласы, ұлтының ұлы тұлғасы, қазақ поэзиясының асқар шыңы – Абай Құнанбайұлына деген ерекше құрметтің көрінісі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осы айтулы мереке аясында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен қаламыздың көрікті орындарының бірі – Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы аумағында қала тұрғындары мен қонақтарына арналып ауқымды мәдени бағдарлама ұсынылады.

Этносаябаққа жиналған жұртшылық:

  • Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік концертін;

  • Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық драма және опера театрының сахналық қойылымын тамашалай алады;

  • Абай үйіне саяхат жасап, ақын тұрған үйдің атмосферасын сезіне алады.

Бұл күні Абай үйі қонақтарды мол дастарханмен қарсы алып, қолөнер бұйымдары мен естелік кәдесыйлар көрмесін ұсынады. Сонымен қатар ұлттық ойындар, шеберлік сағаттары, шығармашылық алаңдар мен танымдық бағдарламалар өтеді.

Этносаябақ аумағында арнайы безендірілген киіз үйде «Абай мұрасы – ұлтымыздың рухани қазынасы» атты интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады. Бұл көрмеден:

  • Ұлы ақынның әдеби мұрасы;

  • Абай шығармаларының әлем тілдеріндегі аудармалары;

  • Абайтанушы ғалымдардың еңбектерімен танысуға болады.

Көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Брайль қарпіндегі кітаптар көрмесі де жұмыс істейді.

Мерекеге келген балалар үшін Абай тақырыбына арналған танымдық-спорттық ойындар, қолөнерге баулитын шеберлік сыныптары және иммерсивті серуен ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу