ШҚО-да жолаушылар тасымалдаушыларын субсидиялауға 1,5 млрд теңге бөлінеді
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясында жолаушылар тасымалдаушыларын қолдауға 1,5 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Сессияда бұған дейін бекітілген облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферт көлемінің артуы және 16,1 миллиард теңге субвенцияның қайта қалпына келтірілуімен байланысты болды.
Бөлінетін қаржы әлеуметтік маңызы бар қалалық, ауылдық, қала маңындағы және ауданішілік бағыттарда жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік компанияларының шығындарын өтеуге жұмсалады.
Еске салайық, 2024 жылы бұл мақсатқа 6,4 миллиард теңге, ал 2025 жылы 5,8 миллиард теңге қарастырылған болатын.
Елизавета Седых
Фото: Жібек Нұрахмет







