Шығыста найзағай мен бұршақ күтіледі: тұрғындарға қауіпсіздік ережесі ескертілді
pixabay.com
Шығыс Қазақстанда 12 тамыз күні күн райы құбылмалы болып, найзағай мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді», – делінген хабарламада.
Өскеменде күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:
«Найзағай кезінде үйде болған дұрыс. Терезе, есік, түтіндіктерді жауып, электр құрылғыларын қуаттан ажыратыңыз. Металл қоршаулар мен төбелердің жанында тұрмаңыз. Жел күшейгенде сымдарға, тербелмелі заттарға жоламаңыз, аялдамалар мен ағаштардың астында паналамаңыз», – дейді ШҚО ТЖД мамандары.
Төтенше жағдай орын алса, «112» нөміріне қоңырау шалуға болады.
Оқи отырыңыз