Өскеменде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін
Шығыс Қазақстанда ауа райы құбылып тұр. 8 тамыз күні облыстың бірқатар аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» ШҚО филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«08 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін», – делінген хабарламада.
Өскеменде де дәл осындай ауа райы болжанып отыр: күндіз найзағай, жел екпіні – секундына 15-20 метр.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын ұстануды ескертеді:
- Найзағай кезінде үйден шықпаған дұрыс, терезе мен есікті жауып, электр құралдарын сөндіріңіз;
- Металл заттардан, қоршаулар мен шатырлардан, электр өткізгіштен алшақ жүріңіз;
- Қатты жел соққанда сымға, тербеліп тұрған нысандарға жоламаңыз, аялдама арты мен ағаштың астына тығылмаңыз.
- Қауіп туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз