Сарыөлеңде келер жылы ауызсу мәселесі толық шешіледі – Күршім
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Жиында жолдардың сапасы мен ауылдағы инфрақұрылым жайы сөз болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қалжыр – Қалғұты және Қалжыр – Аққайың бағыттарындағы жолдарда орташа жөндеу жүріп жатыр. Жаңа асфальт тұрғындарға қолайлы болғанымен, ауыр жүк көліктері артық салмақпен жүрсе, жолдың сапасы тез бұзылуы мүмкін. Ауданда көлік полициясының бөлімшесі болмағандықтан, бұл жағдай алаңдаушылық тудырып отыр.
Облыс әкімі бұл мәселе тек Күршімде емес, өзге аудандарда да бар екенін айтты.
Сарыөлең ауылының тұрғындары ауызсудың аздығына шағымданды.







