Күршім ауданы 12 жылда алғаш рет жаңа ветеринарлық техникаға қол жеткізді
depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданы халқымен кездесуде өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетіне тоқталды. Биыл облыста 12 жылда алғаш рет ветеринариялық ұйымдардың автопаркі толық жаңартылды. Күршім ауданына 10 бірлік техника бөлінді, оның ішінде пикап, «Соболь» микроавтобустары, «Шевроле Кобальт» және мал тасымалдауға арналған көлік бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында аудан бойынша 2,6 мың тонна ет өндірілген. Бұл – облыс көлемінің 3,8 пайызы. Алайда жұмыс істеп тұрған бес бордақылау алаңының жүктемесі небәрі 20 пайызды ғана құрайды.
Кездесуде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы нәтижелер де сөз болды. Өткен жылы Күршім кәсіпкерлеріне 47,8 млн теңгеге бес жоба қаржыландырылса, биылғы жылы 82,5 млн теңгеге 11 жоба мақұлданған.
Мал қорымдарына қатысты да маңызды тапсырма берілді.