KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, СБ
508.91 594.36 6.33

ШҚО-да 95 шағын су электр станциясын салу жоспарланып отыр 

Фото: stock.adobe.com

29.07.2025, 10:00 255 Гульжан Мусина

 

Шығыс Қазақстан облысында 95 шағын су электр станциясын салуға мүмкіндік бар. Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Хабар 24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысының айтуынша, Шығыста еліміздің су ресурстарының 40 пайыздан астамы шоғырланған. Өзен-көлдерді кешенді зерттеу нәтижесінде жалпы қуаты шамамен 2 гигаватт болатын 95 шағын СЭС салуға қолайлы орындар анықталған.

— Біз табиғат берген мол ресурсты тиімді пайдалануға мүдделіміз. Бұл тек энергия өндіру емес, экологиялық қауіпсіздік пен өңірлік экономиканың дамуына серпін береді, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінде Өскеменде өтетін «Altai-Invest» халықаралық инвестициялық форумы аясында осы жобаларға нақты инвесторлар тартылуы мүмкін.

Энергетикалық тәуелсіздік пен «жасыл» энергия көздерін дамыту — өңір үшін маңызды басымдықтардың бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу