KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Самар ауылындағы мектепте Людмила Побияхо атындағы кабинет ашылды – ШҚО 

4.09.2025, 14:30 232 Әбішев Ержан

Бүгін №1 Самар орта мектебінде ерекше шара өтті – орыс тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды. Жаңа кабинет адамдарға және әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген сүйіспеншілігімен есте қалған ұлағатты ұстаз Людмила Побияхоға арналды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Самар ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Оқу жылының алғашқы күнінде Людмила Анатольевнаның жұбайы Василий Александрович Побияхо мектепке жаңа кабинетті сыйға тартты. Кабинет заманауи жиһазбен, интерактивті тақтамен және компьютерлік құралдармен жабдықталған.

Сонымен қатар ұстаз құрметіне «Жылдың үздік оқушысы» атты дәстүрлі сыйлық та тағайындалды. Жеңімпаз оқушы жыл сайын 27 мамырда, яғни Людмила Анатольевнаның туған күніне орай 100 мың теңге көлемінде марапат алатын болады.

Жаңа кабинет тек білім беретін орынға емес, жылы сөзі арқылы шәкірттеріне шабыт берген жанның мәңгілік рухы өмір сүретін қасиетті кеңістікке айналмақ.

Фото: Самар ауданы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу