KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 5 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

Өскеменде дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті

27.08.2019, 10:50 216

Өскеменде дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша өткен «Келешекке кемел біліммен...» атты конференцияда Шығыс Қазақстан облысы білім саласының үздіктері марапатталды.

– «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп ойшыл Абай айтқандай, ұстаз – әрқашан ілім мен ізгілікті ту етіп ұстайтын тұлға. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – мұғалімің мәртебелі міндеті. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдісіне сай болуымыз керек. Сол себепті де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеп отыр, – деді сөз басында аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Бұдан әрі кезекпе-кезек үздіктер марапатталды. «Үздік орта білім беру ұйымы» аталымының жеңімпазы деп танылған Көкпекті аудандық «Жұбандық Болғанбвев атындағы Самар орта мектеп-лицейіне» 34 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.
Ал «Үздік теникалық және кәсіби білім беру ұйымы» – Семей қаласындағы Электротехникалық колледжі болды. 34 миллиондық және бір сертификат семейліктердің еншісінде.

Аягөз ауданындағы «С.Ғаббасов атындағы жалпыбілім беру орта мектебінде» ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін ұстаз, мұғалім-жаттықтырушы Бақтыгүл Асылхановаға үштілділікті дамытудағы үздік көрсеткіштері үшін ШҚО әкімінің атынан 500 000 теңге сыйақы табысталды.

Сондай-ақ бұл жолы педагогтарға ШҚО әкімдігі тарапынан ауыз толтырып айтарлықтай әлеуметтік көмек көрсетіліп отыр. Облыс әкімі он ұстазға үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Д.Ахметов жиын соңында бірқатар мұғалімдерге Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісін тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу