ШҚО-да бұғы мен марал объективке ілікті
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында ерекше сәт тіркелді – қорық қызметкерлерінің камерасына бұғы мен марал түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, қазір күйек кезеңі басталған. Ол жаздың соңынан басталып, күздің ортасына дейін созылады. Бұл уақытта жануарлардың мінезі қатты өзгереді, әсіресе аталық бұғылар өте ызақор болып кетеді.
Күйек кезінде бұғылар ерекше дауыс шығарады. Олар басын алға созып, мүйізін арқасына қойып тұрып қатты үн қатады. Бұл – ұрғашыларды шақыру белгісі. Мамандардың айтуынша, жануардың зары бірнеше шақырымға жетуі мүмкін. Ал дауысынан-ақ аталықтың мықтылығын, тәжірибесін аңғаруға болады.
Елизавета Седых
Фото/видео: Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

