KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
511.26 597.61 6.32

715 мың теңге: жол апатына себеп болған малдың иесі өтемақы төлейді - ШҚО

depositphotos.com

12.09.2025, 15:30 230 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстанда жолға шығып кеткен сиыр жол-көлік оқиғасына себеп болып, оның иесі кінәлі деп танылды. Енді ол автокөлікті жөндеуге 700 мың теңгеден астам қаржы төлейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға 4 қыркүйекте Өскемен – Рахман қайнары бағытындағы автожолда болған. Жүргізуші апаттан кейін Алтай аудандық сотына шағым түсіріп, сиырдың иесінен келтірілген шығынды өндіруді талап еткен.

Сотта анықталғандай, мал иесі сиырды қараусыз қалдырып, жолға шығып кетуіне жол берген. Бұл – мал ұстау ережесін бұзу болып саналады.

– Жол-көлік оқиғасы мал иесінің кінәсінен болғаны анықталды. Ол сиырын қараусыз қалдырып, тиісті қадағалауды қамтамасыз етпеген. Жануардың жол бойында емін-еркін жүруі апатқа себеп болды, – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде сиырдың иесі жүргізушінің көлігін жөндеуге 715 515 теңге және сот шығындарын төлеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу