KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, СШ
510.18 601.91 6.51

ШҚО прокуратурасы: бірқатар қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

gov.kz

17.09.2025, 10:30 198 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, ол шешім қабылданғанға дейін уақытша атқаратын лауазымынан шеттетілді. Сонымен қатар, Өскемен қаласы прокуратурасының басқа қызметкерлеріне қатысты да тексерулер бұған дейін жүргізілген. Олардың бір бөлігінде фактілер расталып, аталған қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған,- делінген ресми хабарламада.

Бұл жағдайға байланысты ШҚО прокуратурасы тексеріс қорытындысы бойынша қосымша ақпарат берілетінін хабарлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу