«Oskemencard»-тағы ақшаны қайтару мерзімі аяқталады
Өскемен қаласы әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 31 қыркүйектен бастап «Oskemencard» қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу жүйесі толық ажыратылады. Осыған байланысты көлік карталарындағы ақша қаражатын қайтару мерзімі де аяқталғаны хабарланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкімдік тұрғындарға ескерту жасайды: белгіленген мерзімнен кейін «Oskemencard» карталарынан қаражатты қайтару мәселелері тек сот тәртібімен шешілетін болады.
Сонымен қатар, қалада қолданыстағы «Onay!» жүйесі штаттық режимде жұмыс істей береді. Жаңа жүйенің сервисі мен функционалына ешқандай өзгеріс енгізілмейді.
Фото: Өскемен қаласы әкімдігі