ДКО: Елшілер Қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Қазақстанның 20 өңірінен келген, құрамында спортшылар, қоғам қайраткерлері бар елшілер мен батырлар, әр елден келген спортшылардың өнерлерін тамашалады. Жерлестеріне қолдау білдірді. Сонымен қатар этноауылға барып, концерттік бағдарламаларды көріп қайтты.
“Бірнеше ай бойы өңірлерде насихаттау жұмысын жүргізген елшілер Астанада өтетін әлемдік шарада мәдениет бағытында қызмет атқарды. Айта кетерлігі, ойындар аясында еліміздің өңірлерінен барлық елшілер мен батырлар насихаттау жұмысына белсенді қатысуда”, деп атап өтті “Бірлік керуені” жобасының кураторы Айнұр Сұлтанбекова.
Оқи отырыңыз