KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Шығыстан шыққан “Бірлік Керуені” Астанаға жетті

6.09.2024, 22:47 96

Аймақтың орталық көшелерінен өтіп, орталық алаңда құрметке ие болған керуен, Астанаға жетті. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында бас қалада театрландырылған қойылыммен “Бірлік Керуені” салтанатты іс-шарасы өтті. Қазақстанның 20 өңірінен келген, құрамында спортшылар, қоғам қайраткерлері бар елшілер мен батырлар Астанаға Қазақстанның қасиетті көздерінен су жеткізді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын су, ашылу күні тайқазанға жиналып, бірліктің басты символына айналмақ. Айтулы шараға Шығыс Қазақстан облысынан барған делегация мүшелері де қатысып, Қатонқарағай ауданындағы Көккөл сарқырамасынан торсыққа алынған суды жеткізді.

Ел аманатын арқалап, облыстан елші ретінде барған Қол күрестен ардагерлер арасында төрт дүркін Әлем чемпионы, 17 дүркін Азия чемпионы Мұхамедолла Ағзамов Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары елді біріктіретін айтулы дода екенін жеткізді.

“ Елдің абыройын асқақтататын үлкен байрақты бәсеке. Осындай додаға Шығыстың атынан елші болып келіп қалдық. Барлығы сәтімен өтуіне тілектеспін”,- деді Мұхамедолла Ағзамов. 

Бірнеше ай бойы өңірлерде насихаттау жұмысын жүргізген елшілер Астанада өтетін әлемдік шарада мәдениет бағытында қызмет атқарады.  Айта кетерлігі, Ойындар аясында еліміздің өңірлерінен барлық елшілер мен батырлар насихаттау жұмысына белсенді қатысуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу