Семейде «Жас сарбаз» жастар патруль қызметі құрылады
Елімізде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстар жиілеп кетті.Бұл туралы қала әкімнің орынбасары Надежде Шарованың прокуратура, полиция және оқу орындарының басшыларымен өткен кездесуінде нақты айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиынның басты тақырыбы кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері болғандықтан әкім орынбасары Надежда Шарова алдын алу жұмыстарын жандандыруды бұйырды. Полиция басқармасының мәліметі бойынша 2018 жылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 114 жасөспірім , әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 916 жасөспірім жауапқа тартылды. Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына 160 бала түсіп, арнайы мектептерге 5 бала аттанды. Ата-ана құқығынан айырылғандар саны 45-ке жеткен.
-2018 жылы біз кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың төмендеуіне қол жеткіздік,-деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әділбек Нығманов,-бұндағы әрбір санның артында баланың тұрғанын ұмытпауымыз керек. Десек те, жасөсіпірімдер өте кәсіби деңгейде қылмыс жасайтын фактілер кездесіп отырғаны өкінішті. Мәселен, колледждің бір студент қызы кілттер арқылы шебер жұмыс істеп, пәтерге түсіп, теледидарды ұрлап кеткен.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов жастармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді . Атап айтқанда, биылғы жылы «Жас сарбаз» жастар патрульін құру жоспарда бар. Жастардың негізгі жұмысы полицейлерге қаланы патрульдеуде көмек көрсету болмақ. Жақында жастар орталығымен бірге қаланың көңіл көтеру мекемелерінде осындай рейд жұмыстары жүргізлген болатын. Сонымен қатар, ішкі саясат бөлімі оқу орындарында құқықтық мектептер ашуды жоспарлап отыр. Кездесуді қортындылаған Н.Шарова кеңес қатысушыларына жағдайға бей-жай қарамауды тапсырды. Немқұрайдылықтан аулақы болған жөн деді ол.