Өскемен қаласында дәмхана маңында 25 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Оқиға Лихарев көшесінде дәмхана алдында орын алды.
Екі азамат ерегесіп, бірі екіншісін өткір затпен жараланған. 1998 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды altaynews тілшісі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз