Шығыстың өрт сөндірушілері үздіктер қатарында
Мамыр айының соңында Атырау қаласында Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында спорт федерациясының кубогы үшін жарыс өткен болатын. Бұл сынға біздің облыстың құрамасы да қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген-ді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, турнир бағдарламасына үш сайыс түрі енді. Олар: оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар жүз метрлік жолақтан өту және 100 метрлік өрт эстафетасы.
Бұл жолғы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік деген сегіз команда қатысты. Әдеттегідей олардың арасында біздің жерлестер де болды.
Аса тартысты өрбіген жарыстың қорытындысы бойынша Шығыстың өрт сөндірушілері жалпыкомандалық екінші орынға ие болды. Сонымен қатар жерлестеріміз 100 метрлік өрт эстафетасында топ жарғанын айта кеткен орынды.
Осы ретте, аталмыш эстафетада облыс намысын Ержан Шәріпханов, Мақсат Романов, Дмитрий Снегирев пен Максим Черносветов сынды білікті мамандар қорғағанын айту керек.
«Мұндай бәсекелер өрт сөндіруші-спортшылардың дағдыларын арттыруға, сондай-ақ олардың ішінен үздіктерін анықтауға көмектеседі. Бұған қоса, дәл осындай сайыстар облыстар мен қалалардағы өрт сөндірушілерді біріктіріп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сонымен қатар мұндай жарыстар арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халыққа өрт сөндірушілер жұмысының қызығы мен шыжығы туралы айта аламыз», – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз