KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Өскемендегі трамвай паркі 2025 жылға дейін жекешелендіру жоспарында тұр - Даниал Ахметов

26.02.2021, 12:14 191

Өскемен қаласының тұрғыны облыс әкіміне трамвай паркінің жекешелендірілуіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Трамвайлар жекеменшікке өтеді деген ақпар естіп жатырмыз. Бұл қаншалықты рас? Егер парк жекеменшікке өтсе, жолаушылар тасымалына қандай да бір кері әсері болмай ма? – деді Гүлнәр есімді тұрғын.

Облыс әкімі аталмыш ақпараттың шынайы екенін айтты.

– Трамвай паркі 2025 жылға дейін жекешелендіру жоспарында тұр. Ол рас. Дегенмен парк бюджетке салмақ салып отырған жоқ. Жалпы алғанда өз жұмысын тиімді атқарып келеді. Сондықтан да өткен жылы 2 шақырымдық рельс жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Алматыдан 17 вагон алдырғанымыз да сіздерге аян. Жазға дейін тағы жетеуі жеткізіледі. Ал 25-ші жылға дейін әлі бір-аз бар. Сондықтан өзгерістер болуы мүмкін. Бір анығы, біз трамвайлар жұмысының тиімділігін арттыру жолындағы жұмыстарды тоқтатпаймыз, – деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив