ҚХП-ның өкілдері Шығыстағы шаруалармен кездесті
"Қазақстан халық партиясының" өкілдері Шығыстың шаруаларымен кездесті.
Тараптар саладағы өзекті проблемаларды көтеріп, партиялықтар сайлауалды бағдарламаны таныстырды.
Шығыста қыс қаһарына мініп тұр. Бірнеше бағыттағы жолдар жабылғанына қарамастан, партиялықтармен кездесуге келгендердің қарасы қалың. Бас қосуда шаруаларды мазалаған проблемалар талқыланды. Оны шешу жолдары, Халық партиясының сайлауалды бағдарламасынан табылды. Сондай-ақ жиында қауіпсіз әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Пандемия бұл саланы әлі де жетілдіру қажет ететіндігін көрсетті, дейді партия өкілдері.
Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ:
Біздің мақсатымыз: қазіргі кездегі тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту, экономиканы күшейту, ауылдық жерлердегі халықтың тұрмыс салтын жақсарту. Аграрлық секторларды дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ бүгін Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан халық партиясы өкілдерімен де кездесу өткізді. Федерация үгіт-насихат кезінде, сайлаушының дауыс беру еркіндігін сақтауға шақырды. Яғни мәжбүрлеуге жол берілмейтінін ескертті. Айта кетейік, кәсіподақ атынан сайлауға 7 мыңнан астам бақылаушы қатысады.
Нұрлан ӨТЕШОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ең басты мақсатымыз – бүкіл сайлау процесі ашық, анық, транспорентті, әділ тұрде, заңның шеңберінде өткенін қалаймыз. Қысым фактілері болып жатса ақпаратты бізбен бөлісуге шақырамыз.
Дереккөз:astanatv.kz