Алтай қаласында колледж студенті алғаш рет сайлауға қатысты

Алтай қаласындағы жоғары колледжінің үшінші курс студенті Юлиан Артамонов бүгін алғаш рет сайлауға қатысты. Жас жігіт бұл саяси оқиғаға үлкен жауапкершілікпен қарап келген.
- Мен алғаш рет аудан әкімінің сайлауында дауыс беру құқығымды пайдаланғаныма қуаныштымын, - дейді бозбала. - Мен өз жерімді, кішкентай Отанымды жақсы көремін және мұнда бір жылдан кейін, екі жылдан кейін және одан кейінгі өмірдің қандай болатыны мені бей-жай қалдырмайды. Бүгін мен ауданды басқаратын іскер, белсенді басшыға дауыс бердім. Қазір электромеханик мамандығын оқып жатырмын. Таңдап, түскен мамандығым ең жақсысы екеніне сенімдімін. Ал колледжді тәмамдаған соң өз білімімді, қабілетімді туған жерімде пайдаланғым келеді.
Бірінші рет дауыс беруші ретінде Юлиан Артамоновқа сайлау күні естелік сыйлық берілді.