Алдымен баға, одан кейін тапсырыс
Фото: new-retail.ru
Онлайн-сауда жасағанда кейбір сатушылар тауарды сатып алу барысында бағасы туралы ақпарат бермейді. Бірінші тапсырыс бересің, содан кейін бағасын айтады. Бұл қаншалықты заңды?
Анель, Глубокое ауданы
Бұл сауалға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жауап берді:
- Онлайн-сауда жасап тұрған сатушының бұл әрекеті заңға қайшы. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24 бабына сәйкес, Электрондық саудада сатушы сатып алу-сату шартын жасасу алдында тұтынушыға тауарға ақы төлеу рәсімі және оның құны туралы ақпарат беруге міндетті. Сондықтан сауда жасау барысында, тұтынушы өзіне қажетті барлық ақпаратты алғаннан кейін, сатушы туралы нақты ақпаратқа көз жеткізгеннен кейін ғана тапсырыс жасауға кеңес беремін. Себебі қазіргі таңда көптеген алаяқтық жасап жатқандар бар, тіпті ондай дүкен ел аумағында болмауы да мүмкін. Мұндай жағдай, тұтынушыларды алдау фактілеріне жатады, оны қарау полиция органдарының құзыретінде.
Оқи отырыңыз